Басты бет / Бокс / МИРЖАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ: КӘСІПҚОЙ БОКСҚА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

МИРЖАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ: КӘСІПҚОЙ БОКСҚА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

 

18 қараша, жұма күні Ресейдің Екатеринбург қаласындағы ДИВС спорт кешенінде промоутер Герман Титовтың ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді. Кештің басты кездесуінде жартылай орта салмақта ресейлік Дмитрий Михайленко (21-1-0) мен колумбиялық Брейдис Прескотт (30-8-0) кездеседі. Бұл кештің андеркардында екінші жартылай жеңіл салмақтағы (58,9 кг) WBC Asian Boxing Council Silver чемпионы, 31 жасар отандасымыз Миржан Жақсылыков (10-1-0, 4КО) алғашқы рет атағын ресейлік Михаил Алексеевтен (8-0-0) қорғайтын болады.

Атап өтейік, 9 қыркүйек күні Жақсылыков Римар Метуданы (10-0-0) жеңіп осы атақты жеңіп алған болатын. Бұл жеңістен соң отандасымыз қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасындағы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік ондықтың ішіне кірді, ал әлемдік рейтингте ол 100 орынға тұрақтады. Сіздердің назарларыңызға Dodasport.kz тілшісінің сұқпатын ұсынамыз.

Т: Биыл шаршы алаңға 6 жылдан соң қайта оралдыңыз. Қайта оралу қиын болған жоқ па?

М: Айтарлықтай қиын болмады.

Т: Алғашқы кездесуіңізде Шавхат Рахимовтан 38-37 есебімен ұтылдыңыз, бұл кездесуде төрешілер Рахимовқа бұра тартты ма?

М: Жоқ бұра тартпады.

Т: 18 қараша күні өтетін бокс кешінде Михаил Алексеевтен өзіңіздің vacant WBC Asian Boxing Council Silver атағыныңды алғашқы рет қорғайсыз. Бұл бокс кешін Титов пен Елисеев промоутерліктері ұйымдастырады. Сіз қай промоутермен немесе менеджермен жұмыс жасайсыз?

М: Промоутер Герман Титовпен келісім-шарттамын

Т: Қазіргі кезде бапкеріңіз кім?

М: Қазіргі бапкерім Қазақстанға енбегі сіңірген жаттықтырушы Сатжанов Қайрат

Т: Алдағы қарсыласыңыз Михаил Алексеевты зерттеп үлгердіңіз ба?

М: Алексеевті әліде зерттеп, соған дайындалу үстіндеміз.

Т: Қандай боксшының жұдырықтасу мәнерін ұнатасыз?

М: Геннадий Головкинның мәнері ұнайды.

Т: Сұхбатыңызға рахмет!

Айта кететін жайт, бұл кездесуді тікелей эфирде ресейлік Матч ТВ және Боец телеарналары көрсетеді. отандасымызға қолдау көрсетейік!

Сондай-ақ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ҮШ ҚОЛА

  Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың үшінші күні Қазақстандық …