Қытай елінде коньки спортынан әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды.
Қазақстандық конькиші Роман Креч әлем Кубогында 500 метрге жүгіруден топ жарды.
Харбин қаласында өтіп жатқан бәсекеде Креч 500 метрді 35,07 секунда еңсеріп ресейлік Павел Кулижниковты 0,03 секундқа озып кетті. Қытайлық Кай Фербай үшінші болып келді (+0,12).
1. Роман Креч (Қазақстан) — 35.07
2. Павел Кулижников (Ресей) — +0.03
3. Кай Вербей (Голландия) — +0.12.