Басты бет / Қысқы спорт / ШАҢҒЫ СПОРТЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ АУЫСТЫ

ШАҢҒЫ СПОРТЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ АУЫСТЫ

 

Қарашаның 10-ы күні Қазақстан шаңғы спорты бірлестігінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кіріс бойынша төрағасы Дәулет Ерғожин кірісті.

Бұған дейін  шаңғы спорты бірлестігін Өмірзақ Шукеев 2015 жылдың наурыз айынан басқарып келген болатын. Бірлестіктің вице-президенттері болып Есет Ешпанов, Өмірзақ Шукеев, Жеңіс Қасымбек және Ерболат Досаев тағайындалды.

Астана қаласында өткен жиын барысында Қазақстандағы қысқы спорт түрлерінің дамуы туралы әңгіме өрбіді. Алда келе жатқан Азия чемпионаты мен Олимпиада ойындарындағы жоспар талқыланды. Мақсаттар мен міндеттер қойылды.

Естеріңізге сала кетейік,  шаңғы спорты бірлестігіне шаңғы, тау шаңғышы, трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, сноуборд және фристайл кіреді.

 

Сондай-ақ

ЖАС БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН

  Қараша айының 17-26 аралығында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін …