Канаданың Калгари қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті.
Голландия құрамасымен бір жылдық келісім шартқа қол қойған ұлттық құраманың шорт-трекшілерінен үміт күткенбіз. Мамандар дәл осы эстафеташыларымыз Олимпиада ойындарында жүлде салады деп сеніп отыр. Алғашқы кезеңде үміт ақталмады. Неге?
Алдымен алғашқы іріктеу кезеңіндегі Қазақстандықтар қатысқан сайысты тамашалаңыздар:
Ең бірінші болып мұз айдынына Канада, АҚШ және Қазақстан құрамалары қатысқан болатын. Жарыс қожайындары бұл кезеңге ұзақ дайындалған көрінеді. Олар сайыс бастала салысымен жылдамдықты қосып, әлем рекордына өзгертулер енгізуді мақсат тұтты. Сәл жетпеді. Нәтиже 6:32.
Канадамен бір қатарда жүгірген Қазақ спортшылары үшінші келіп, 6:34 нәтижесін көрсетті. Жоқ жерден бұндай нәтиже көрсеткен құрамамызға қазылар сене алмады ма, қандай кемшілік тапқанын білмедік. Жарыстан шеттетіп тастады. Жастар құрамасының бапкері Аслан Дауымов та бұл жағдайға түсінбегенін айтты.
Алғашқы кезеңдегі Қазақстан құрамасының нәтижесі тіркелгенде бұл уақыт әлемдегі үшінші уақыт болып тіркелер еді. Осындай әлем рекордына жақын аралықта жүгірген шорт-трекшілеріміздің нәтижесі көңіл қуантады. Бірақ не үшін жарыстан тыс қалғаны белгісіз.
Әлем рекорды Канадалықтарға тиесілі 6:30. Екінші орын Америкалықтарда 6:33. Егер де біздің уақыт есептелгенде әлемдегі үшінші болатын еді. Осы жарыста жеңіске жеткен Венгрия құрамасы финалда небәрі 6:41 уақытын көрсетті. Бұл дегеніміз біздің құрама да жоғары орындарды еншілеуге толықтай қауқарлы деген сөз.
Айта кетейік, екінші кезең 11-13 қараша аралығында Америка елінде өтеді.