Басты бет / Бокс / ҚЫТАЙ БОКСШЫЛАРЫНА ШАПАН ЖАУЫП ШЫҒАРЫП САЛДЫҚ

ҚЫТАЙ БОКСШЫЛАРЫНА ШАПАН ЖАУЫП ШЫҒАРЫП САЛДЫҚ

 

Айдар Шəрібаев Алматыда жаттығу жиынын өткізген қытайлық қандастарына сыйлықтар табыстады.
Қазақтардан тұратын қытайлық бокс құрамасының Алматыда өткен оқу-жаттығу жиыны өз мəресіне жетті. Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шəрібаев (4-0, 3КО) өзінің «Aidar Classis» бокс клубында қытайлық құраманың бас бапкеріне ата салтымызбен шапан жауып, сыйлықтар табыстады. Отандасымыз құрама сапындағы қазақ жігіттерінің дəн риза болып қайтқанын айтып өтті.

«Қытайдан келген команда бапкеріне ата салтымызбен шапан жауып, сыйлықтар табыстадық. Құрама сапындағы қазақ інілеріміз дəн риза болып қайтты. «Aidar Classis» бокс клубының ашылғанына бір-ақ жылдан асса да, біршама игі шаралар өткізіп үлгердік. Алла ісімізге береке беріп, бұйырса, биыл да көптеген мақсатымызға қол жеткіземіз», — деп жазды Айдар Шəрібаев өзінің «Instagram» парақшасында.

Айта кету керек, Қытай құрамасы Қарағанды қаласында өткен  Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысқан болатын. Қытайдың екінші номерлі командасының құрамында бес бірдей қазақ боксшысы өнер көрсетеді.

 

 

Сондай-ақ

РЕСЕЙЛІК ШАҢҒЫШЫЛАР АЛМАТЫДА ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫН ӨТКІЗДІ

  Ресей Федерациясының шаңғышылары Алматы қаласындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спринттік құрама жаңа жылды Қазақстанда өткізді. …