Обамеянг Бундеслигада маусым басталғалы бері 16 гол соғып, 2016/17 жылғы маусының «Алтын бутсы» иегері атануға бір табан жақын десек те болады. Дегенмен, футболшы маусым басында жақсы көзге түскенімен, былтырғы күнтізбелік жылда одан да көп гол соққан футболшылар бар. Осы тұрғыда ганалық футболшыға әлі де көп жұмыс істеу керек.
Егер 2016 жылғы барлық ресми кездесулердегі голдарды санайтын болсақ, аргентиналық футболшы Лионель Месси ең үздік сұрмерген атанады. Одан кейін, уругвайлық футболшы Луис Суарес бар.
- 2016-жылғы УЕФА турнирлеріндегі үздік шабуылшылар
Еуропадағы Топ-10 чемпионатта 2016 жылы көп гол соққан футболшылар тізімі (клуб үшін өткізген ресми кездесулер)
50: Лионель Месси («Барселона») — 49 матчта
47: Луис Суарес («Барселона») — 48 матчта
47: Златан Ибрагимович («ПСЖ»/»Манчестер Юнайтед») — 50 матчта
39: Роберт Левандовски («Бавария») — 48 матчта
38: Криштиану Роналду («Реал») — 42 матчта
36: Эдинсон Кавани («ПСЖ») — 48 матчта
35: Серхио Агуэро («Манчестер Сити») — 44 матчта
33: Гонсало Игуаин («Наполи»/»Ювентус») — 43 матчта
32: Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Дортмунд) — 43 матчта
29: Федор Смолов («Краснодар») — 33 матчта
29: Александр Ляказетт («Лион») — 39 матчта
2016/17 маусымда «Алтын бутсыға» басты үміткерлер:
32,0: Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Дортмунд, Германия чемпионаты — 16 гол x 2,0)
28,5: Кристиан Гюткьяр («Русенборг», Норвегия чемпионаты — 19 гол x 1,5)
28,0: Диего Коста («Челси», Англия чемпионаты — 14 гол x 2,0)
28,0: Мауро Икарди («Интернационале», Италия чемпионаты — 14 гол х 2,0)
27: Эдинсон Кавани («Пари Сен-Жермен», Франция чемпионаты — 18 гол x 1,5)
26,0: Андреа Белотти («Торино», Италия чемпионаты — 13 гол х 2,0)
26,0: Эдин Джеко («Рома», Италия чемпионаты — 13 гол х 2,0)
26,0: Антони Модест («Кельн», Германия чемпионаты — 13 гол x 2,0)
2015/16 маусымдағы «Алтын бутсы» рейтингі:
80,0: Луис Суарес («Барселона», Испания чемпионаты — 40 гол x 2,0)
72,0: Гонсало Игуаин («Наполи», Италия чемпионаты — 36 гол x 2,0)
70,0: Криштиану Роналду («Реал», Испания чемпионаты — 35 голов x 2,0)
64,0: Жонас («Бенфика»,Португалия чемпионаты — 32 гол x 2,0)
60,0: Роберт Левандовски («Бавария», Германия чемпионаты — 30 гол x 2,0)
Естеріңізге сала кетейік, коэффициенттер УЕФА рейтингі арқылы көбейтіледі: үздік топ-5 чемпионатта соғылған голдар екіге көбейтіледі. Ал 6-21 орындағы елдер 1,5-ға көбейтеді. 22-орыннан төменгі елдер 1-ге көбейтеді..