Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Али Ахмедов АҚШ еліндегі өзінің алғашқы кездесуін өткізбек. Ертеңгі жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.
Али өзінің инстаграм желісінде «Салмақ өлшеу рәсімі сәтті өтті, ертең жекпе-жек» — деп жазды.
Ахмедовтың қарсыласы америкалық Кент Холланд (4-0-1, 2 КО) атанбақ. Бұл жай ғана кездесу емес, жеңіске жеткен боксшы Солтүстік Американың жартылай ауыр салмақтағы WBC нұсқасы бойынша чемпионы атағына ие болады.