Сербиялық портал «Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичтің «Валенсия» сапында жылына 7 млн еуро жалақы алатынын хабарлады.
«Футболшы үшін «Бенфика», «Монако» және «Рома» клубтары да қызығушылық танытқан. Бірақ Макисович «Валенсияны» таңдады. Футболшы Испанияда жылына 7 млн еуро жалақы алады»,-деп хабарлады.
Естеріңзіге сала кетейік, Максимович «Астанаға» 2015 жылы ауысып келген болатын.