Галадрах Отгонцэцэг бір сұхбатында моңғолиялық Мунхбат Уранцэцэгті өз салмағындағы басты қарсыласы ретінде санайтынын айтқан еді.
Екеуі бір құрамадан, бір салмақта шығып жүргенде Уранцэцэцг үздік болып, Отгоға мүмкіндік қалдырмаған болатын. Ал бүгін Қытайдағы Гран приде Уранцэцэг жаңа салмақта шығып (52 кг) жарыстан қола алып кетті. Осы салмағында тұрақтап қала берсе екен деп іштей тілеп отырмын 🙂 Әрине, спортышалрдың әр салмаққа ауыса беруі қалыпты жағдай. Отгоның алдында тағы кедергі келтіріп тұрғанын қаламаймын)
2015 жылдан бері екеуі 7 рет кездесіп, Галбадрах Отгонцэцэгті Уранцэцэг Мунхбат 4 рет жеңген. 2016 жылы Азия Чемпионатының финалында Отгонцэцэг Уранцэцэгті жеңсе, биыл дәл сол маңызды жарыста Отгонцэцэг ұпай алдырып қалды 🙁 Екеуі де Рио Олимпиадасында жұбаныш белдесуіне барып, Отго медальалды да, бұрынғы отандасы Уранцэцэг Олимпиададан жүлдесіз қалған болатын. Уранцэцэг бұрынғы салмағында қалатын болса, Отго мирда реванш жасайды деп ойлаймын жзәне сенемін.
P.S. Өкінішке қарай, бүгін белдескен екі дзюдошымыз да жеңіліп қалды
Әйгерім Тоқсанбек