Бүгін Ташкентте самбо күресінен Азия чемпионатының үшінші күні өтті. Қазақстан құрамасы әдеттегідей жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінгі күннің нәтижесі 9 алтын, 2 күміс және 10 қола.
Қыздар: Сыздықова Шұғыла (40 кг) — күміс, Ковтун Анастассия (52 кг) — қола, Нарынова Мөлдір (65 кг) — қола, Айтқұлова Мөлдір (+75 кг) — қола, Әміртаева Жадыра (52 кг) — алтын, Арғынғазина Ақбота (64 кг) — алтын, Еркін Құлымшат (80 кг) — алтын.
Ұлдар: Есбосынов Асқар (48 кг) — алтын, Шандарәлі Шыңғыс (60 кг) — алтын, Тоқтасынұлы Тілек (75 кг) — қола, Абдуғани Бейбарыс (+87 кг) — алтын, Жұмабай Р (57 кг) — алтын, Айдарбек Тоқтарбек (74 кг) — күміс, Шамшиденов Қайсар (100 кг) — қола.
Әйелдер: Сұлтанбекова Айдана (56 кг) — қола, Қуатбекова Мархабат (68 кг) — қола, Духтурбаева Руза (+80 кг) — алтын.
Ерлер: Ахметов Айдос (62 кг) — қола, Қажыбаев Ерасыл (+100 кг) — алтын.
Әскери самбо: Домбаев Нұркен (52 кг) — қола, Аязбаев Қуаныш (90 кг) — қола.