WSB тұжырымы бойынша «Astana Arlans» құрамында чемпион болған отандасымыз кәсіпқой бокстағы екінші кездесуінде Қытай елінде өткізді.
Бейжің қаласында өткен жекпе-жек төрт раундқа жоспарланып, 1 раундта техникалық нокаутпен Жақыповтың пайдасына шешілді.
Мирас Жақыпов жартылай жеңіл салмақта жергілікті боксшы, дебютін өткізген Тик Туэрхунжиангпен шаршы алаңға шықты.
27 жасар боксшымыз өскемендік Мирас Жақыпов осы жылы қазақ боксшылары арасында кәсіпқой бокста алғаш кездесу өткізіп, Гуанджи Женді ұпай санымен ұтқан болатын.