Басты бет / Бокс / ЛЕВИТ ПЕН НИЯЗЫМБЕТОВ ТАҒЫ 34 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН СЫЙАҚЫ АЛДЫ

ЛЕВИТ ПЕН НИЯЗЫМБЕТОВ ТАҒЫ 34 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН СЫЙАҚЫ АЛДЫ

 

Бокстан Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов Елбасының тапсырмасына сәйкес тағы 100 мың доллардан сыйақы алды, деп хабарлайды Вaq.kz.
Бүгін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев екі спортшының әрқайсына бұған дейін алған 150 мың долларына қосымша 100 мың доллар (34 млн теңге) сыйақының сертификатын табыстады.

«Василий керемет өнер көрсетті. Еліміздің ғана емес, шет мемлекеттердің бокс жанкүйерлері Рио Олимпиадасының финалында Василийдің жеңгеніне сенімді болды. Халықаралық сарапшылардың пікірі де осындай. Василий өзін салмақты ұстады. Төрешілердің шешіміне қарсылық білдірмеді. Қарсыласына құрмет көрсетті», — деді Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, Әділбек төрт жылдықтың басты додасында екі рет күміс жүлде еншілеп, спортта өзінің мықтылығын дәлелдеді.

«Әрине, Қазақстан xалқы сендердің жеңістеріңді жоғары бағалады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еңбектеріңді елеп, жүлде қорын Олимпиада чемпиондарымен теңестіруді тапсырды. Сендер жастарға үлгісіңдер. Екеуіңе мықты денсаулық, жарқын жеңістер тілеймін», — деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, Василий Левит Рио Олимпиадасының финалында ресейлік Евгений Тищенкодан төрешілердің шешімі бойынша ұтылған еді. Ал Әділбек Ниязымбетов 81 келіде жұдырықтасып, финалда кубалық Хулио Сезар ла Крузге жол берді.

Сондай-ақ

РЕСЕЙЛІК ШАҢҒЫШЫЛАР АЛМАТЫДА ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫН ӨТКІЗДІ

  Ресей Федерациясының шаңғышылары Алматы қаласындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спринттік құрама жаңа жылды Қазақстанда өткізді. …