«Дакар-2017» ралли-марафонының бесінші кезеңі Боливия мемлекетіндегі «Тупиза» мен «Оруро» аралығын құрады.
Жалпы қашықтығы 683 км құраған кезең ауа-райының қолайсыздығына байланысты қысқартылды.
Жарыс барысында нөсер жауын жауып, құмды алқапты батпаққа айналдырды. Тізеге дейін жететін батпақта машиналардың қозғалуы қиын болды. Кешке таман ауа-райы күрт суытып, аязға айналып кетті. Шөлді алқаптың ауа-рай күндіз адам төзгісіз ыстық та, түнде суық.
Төртінші кезеңдегі техникалық қателіктер жөнделгенімен бесінші кезеңде жаңа қиыншылық пайда болды. Экипаж мүшелерінің біразы белгіленген жерді таба алмай, айып уақыттарын алып отырды. Қазақстандық экпаж Боливия кезеңінде 20 минуттық уақытпен жазаланды.
Денис Березовский мен Алексей Никижев жұбы Т-2 «Production» категориясында өз орынын сақтап, үшінші орында келді.
«MAN TGS» жолтаңдамайтын автокөлігімен Т-4 сынында жарысқа түскен Артур Ардавичус экипажы 37-ші орыннан 33-ші орынға жылжыды.
Жарыс ұйымдастырушылары келесі «Оруро» — «Ла Пас» кезеңін алып тастады. Енді «Дакар-2017» ралли-марафонының қатысушлары бірден Боливия астанасы Ла Пасқа аттанады,