Азия жеңіл атлетика федерациясы 2015/2016 жылғы маусымдағы үздік нәтижелерді жариялады. Азия құрлығының таңдаулылары арасына екі бірдей отандасымыз енген.
Үш қарғып секіру спорты бойынша бір ауыздан Ольга Рыпакова үздік атанды. Олимпиада ойындарының чемпионы, жақында ғана үш дүркін жүлдегер атанған отандасымызға Азия бойынша еш қарсылас жоқ. Ольга Рыпакова маусымдағы ең үздік нәтижесін және Азия құрлығының үздік нәтижесін Рио-де-Жанейро Олимпиадасында тіркеді. 14,74 м.
Евгений Лабутов күтпеген жерден диск лақтыру спорты бойына маусым үздігі атанды. 13 маусым күні Душанбе қаласында тіркеген 65,94 метр нәтижені Азия бойынша ешкім жаңарта алмады.
Үздіктер қатарына желаяқ қыздарымыз Ольга Сафронова (100 м, 11,09 с), Виктория Зябкина (200 м, 22,66 с) және Анастасия Пилипенко (100 м кедергілер арқылы жүгіру, 12,87 с) енген.