Басты бет / Әлем / СИМОНА БАЙЛЗ ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ

СИМОНА БАЙЛЗ ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ

Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы (AIPS) әйелдер арасындағы 2016 жылдың ең үздік 10 спортшысын анықтады. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша  спорттық гимнастикадан америкалық Симона Байлз ең көп дауысқа ие болды.

ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында ең көп жүлде алғандардың үштігіне енген спортшылардың бірі — америкалық Симона Байлз. Риода Олимпиаданың жабылу салтанатында АҚШ құрамасының Туын алып шықты. Спорттық гимнастикада 4 алтын 1 қола медаль иеленді.

 «AIPS» нұсқасы бойынша әйелдер арасында жылдың үздік спортшылары: 

1. Симоне Байлз (АҚШ, спорттық гимнастика) – 524 (15,24%)

2. Катинка Хоссу (Венгрия, суда жүзу) – 472 (13,73%)

3. Серена Уильямс (АҚШ, теннис) – 361 (10,5%)

4. Кэтлин Ледеки (АҚШ, суда жүзу) – 319 (9,28%)

5. Алмаз Аяна (Эфиопия, жүгіру) – 279 (8,12%)

6. Анжелик Кербер (Германия, теннис) – 250 (7,27%)

7. Гензебе Дибаба (Эфиопия, жүгіру) – 160 (4,65%)

8. Эллисон Феликс (США, жүгіру) – 149 (4,33%)

9. Лора Тротт (Ұлыбритания, велотрек) – 125 (3,64%)

10. Лара Гут (Швейцария, тау шаңғысы) – 112 (3,26%)

 

 

Сондай-ақ

ЧИЛМАНОВ ТУРНИРІ ЖОҒАРЫ САНАТТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАЛАР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

  Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилмановтың жүлдесіне арналған Халықаралық «Kazakhstan Open» турнирі  G1 категориясын …