Жеңіл атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сынның лицензиясын иеленді.
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Cветлана Иванчукова, Анастасия Тулапина, Ольга Сафронова және Виктория Зябкина Рио Олимпиадасында 4×100 метрге жүгіру эстафетасына қатысады.
Бұл лицензия ұлттық құрамаларға әлемдік рейтингтегі жоғарғы орыны үшін беріледі. Жалпы саны бұл эстафетаға 16 елдің құрамалары тікелген. Фавориттер ретінде АҚШ, Ямайка және Нигерия елдері бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайға есе жіберіп, күміс медальға ие болған.