Алматыда, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында Еуропа, Аустрия, Андорра, Испания, Франция, Грузия, Ресей, Украина, Швейцария, Қытай және Қазақстан сарапшыларының қатысуымен халықаралық тау форумы өтті, — деп хабарлайды Алматы қаласының ақпараттық-спорт хабы.
Аталмыш шара Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың құттықтау сөзінен басталды:
— Алматы қаласы әкімдігінің атынан барлығын халықаралық тау және спорт фестивалінің аясында өтіп жатқан форумның салтанатты ашылуымен құттықтаймын. Қазіргі таңда, қысқы туризмді дамыту мәселесі өзекті, сондықтан біз әлемдік сарапшылардың басын алып шаһарда қостық. Олар өз тәжірибиелерімен бөлісетін болады. Бүгінгі қонақтар өз істерінің шеберлері, ірі компаниялардың бас мамандары. Олардың басым көпшілігі Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Атап өткім келетіні, Алматы – жаңа бастаулардың қаласы, біздің тау-шаңғы туризмін дамыту үшін мүмкіндіктеріміз бар, барлық жағдай қарастырылған. Сондықтан, біз Андорра немесе өзге мемлекеттер сияқты оны дамыту керекпіз.
PGI management компаниясының президенті Жоан Вильядомат пен Хулио Алкала соңғы 60 жылдың ішінде Андоррада қысқы туризм негізгі кіріс көзіне айналды, дегенмен бұған дейін аграрлық экономика қарқынды дамығанын атап өтті.

— Андорра құрлықтың шыңында орналасқанымен, Альпі елдерімен салыстырғанда таулар аса биік емес. Көтергіштерге дейін, бізде аграрлық экономика болатын. Қазір, біз тау бөктерінде 66 көтергіш орнатып, жыл санап тау-шаңғы курортының арқасында туристтер санын көбейтудеміз. Сонымен қатар, бізде Тур де Франс пен әлемге танымал «цирк дю со лей» өтеді. Жыл бойы көптеген қонақтарды қуана қарсы аламыз. Әлбетте, бұл туризмнің дамуын ілгерілетеді, — деп атап өтті Андорра өкілдері.
Конференцияға сарапшылардан бөлек тілшілер, қоғамдық ұйымдар қатысты. 150-ге жуық адам қызықты да мазмұнды презентацияларды тамашалап, маңызды мәселелерді талқылады.
Форум спикерлері ауқымды спорттық шаралар, маркетинг, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осының арқасында туристтер мен спортшылар саны екі есе өсетінін де айта кетті. Алайда, Швейцария халықаралық тау-шаңғы спорт федерациясының сарапшысы Джозев Зенхаузерннің айтуынша спорттық шараларды тек тілшілер үшін ғана емес, халық үшін де қызықты етіп ұйымдастыру қажет.
Дегенмен, статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, аталған елдермен салыстырғанда, Қытай елінде қысқы туризм қарқынды дамып келеді. Онда жасанды қармен жасақталған 646 тау-шаңғы курорты бар. Бұл мәселеге «China ski industry White Book» кітабының авторы және Beijing wanda Culture Industry Group компаниясының бас маманы Ванки Бин Ву тоқтала кетті.

— Қытайда тау-шаңғы спортын көптеген жылдар бойы дамытудамыз, олардың саны да аз емес. 2015 жылы Пекин 2022 жылы Олимпиада ойындарын өткізу мәртебесіне ие болды. Осығын байланысты, мемлекет қысқы спорт түрлерін барынша қолдайды, онымен айналысушылар саны да өсіп келеді, — деп бөлісті Бин Ву.
Форумды қорытындылай келе, «Шымбулақ» тау-шаңғы курортының бас директоры Тимур Хаиров балаларды осы спорт түрімен шұғылдануға қызықтыратынын және осы елдермен бірге қызмет жасайтынын айтты. Сонымен қатар, Алматы қаласы туризм және сыртқы қатынастар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай қысқы туризмді дамыту үшін Көк Жайлау сияқты аймақтарды қамту, жолдарды кеңейту керектігін жасырмады.

Айта кетер жайт, халықаралық форумнан бастау алған спорттық фестиваль шілденің 30-ы дейін жалғасады. Мереке аясында концерттік бағдарлама мен қатысушылар арасында жарыстар өткізіледі. Аталмыш шара Жастар шыңына шығу альпиниадасымен өз мәресіне жетеді.
Осы демалыс күндері қанатжол тегін.
Халықаралық тау және спорт фестивалінің бағдарламасы:
29 шілде
— Музыкалық-спорт марафоны («Шымбұлақ» ТШ)
— Құзға өрмелеу жарысы (Алматы аңғарының орман шаруашылығы)
— Кроссфит және Воркаут жарысы («Медеу»)
30 шілде
-Жастар шыңына шығу Альпиниадасы («Шымбұлақ» ТШ)
-Жанұя күні («Шымбұлақ» ТШ)
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт