Футбол әлемінің бас жұлдызы Криштиану Роналду 2017 жылғы France Football журналының таңдауы бойынша алтын доп иегері атанды. «Реал Мадрид» командасының жұлдызды шабуылшысы сайлау барысында футбол аламанындағы бас қарсыласы Лионель Месси мен әлемнің ең қымбат ойыншысы Неймарды басып озды. Ал, үздік ондыққа: Харри Кейн (10), Роберт Левандовский (9), Н’Голо Канте (8),Килиан Мбаппе (7), Серхио Рамос (6), Лука Модрич (5), Джанлуиджи Буффон (4) енді. Ал үздік үштікте айтқанымыздай Неймар (3), Месси (2) және Роналду (1).
Cristiano Ronaldo remporte le Ballon d'Or France Football 2017 https://t.co/s27yK104Bk
— France Football (@francefootball) December 7, 2017
Мансабындағы 5-інші алтын допты қанжығасына байлаған Криштиану ала доптағы азулы қарсыласы Лео Мессимен теңесті. Айта кетсек, 2017 жылғы футбол маусымында Роналду «Реал Мадрид» сапында Чемпиондар Лигасы жеңімпазы мен Испания чемпионы атанды.
Et de cinq ! 🖐
Congratulations @Cristiano 👏
📸 Franck Faugère / @lequipe #ballondor pic.twitter.com/9S9KW9Nf1p
— L'ÉQUIPE (@lequipe) December 7, 2017