Елордалық «Астана» футбол клубы қазақ футболының тарихын жаңартты. Еуропа Лигасының соңғы турында чехиялық «Славияны» (0:1) есебімен жеңіп, Еуропа Лигасындағы жорығын жалғастырмақ.
Ойын өте тартысты өтті. Жеңістен басқа нәтиже қызықтырмаған «елордалықтар» ойынның 38-інші минутында есеп ашып, жеңіске қарай қадам жасады. Гол авторы Марин Анишич. Ойын барысында екі командаға да есепті еселейтін мүмкіндіктер келді. Бірақ, таблодағы 0:1 өзгеріссіз қалып, «Астана» футбол клубы Қазақстан футболы тарихындағы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы команда атанды.
Сурет KazFootball.kz сайтынан алынды.