Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин брифинг барысында жұртты қызықтырып жүрген бірнеше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Today.kz.
«Мен халықтың арқасында осынау ауыр кезеңге шыдап келемін. Мені қолдаған барлық адамға алғысым шексіз. Көшеде кетіп бара жатсаң да қалымды сұрайды, «Шыдамды бол!» деп мені қатты қолдады», — деген Илья Ильин Нұрсұлтан Назарбаевқа да алғысын айтты.
Спортшының сөзінше, ол өзін алаяқ деп есептемейді.
«Мен бізді алаяқ деп есептемеймін, өйткені біз күні бойы жұмыс істейміз, күніне 30 тонна салмақ көтереміз. Алаяқтар деген басқа адамдар болар. Олимпиада медалін жеңіп алғанда миллиондаған адам қуаныштан секіріп, ішінде жылағандары да болды, балалар бізді көріп, бізбен мақтанады. Алаяқтарға бұлай жасамайды деп ойлаймын», — деді ауыр атлет.
Ильинге «Сіз станозолды қолдандыңыз ба? Бүкіл ел жауапты өз аузыңыздан естігісі келеді», — деген сұрақ қойылды.
«Станозолол жайлы айтатын болсам, бұл жағдайды менің өзім де түсінбедім. Тамақтан түскен дейді», — деп жауап берді Илья Ильин.
Естеріңізге салайық, 2016 жылдың 23 қарашасында ҚР Ұлттық олимпиада комитеті халықаралық олимпиада комитетінен қанынан тыйым салынған препараттар табылған Илья Ильинге қатысты санкция қолдану туралы хабарлама алған еді.
Жақында халықаралық ауыр атлетика федерациясының қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинді дисквалификациялауға байланысты ресми түрде шешім шығарғаны белгілі болды.
Дереккөз: Today.kz.