Шорт-трек

АНАСТАСИЯ КРЕСТОВА ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ

Пхёнчханда қысқы Олимпиада ойындары өтуде. Бүгін шорт-трекші қыздар 500 метрде сынға түсуде. Отандасымыз Анастасия Корестова өз тобында соңғы орын алды. Қытайлық Фан Ке Сын мен Америкалық Мааме Байни келесі кезеңге өтті. Бұдан бұрын ерлеріміз 1500 метрдің іріктеуінен әрі аса алмаған болатын. Айта кету керек, дәл осы 500 метрдің жартылай финалдары …

толық оқу»

1500 МЕТРДЕ ШОРТ-ТРЕКШІЛЕРДІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ

Шорт-тректен Олимпиада ойындарындағы алғашқы жарыс күні басталды. Бүгін спортшылар 1500 метрде бақ сынауда. Қазір ғана іріктеу сайыстары өтті. Өкінішке орай Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев келесі кезеңге өте алмады. Команда көшбасшысы Нұрберген тепе-теңдік сақтай алмай, құлап қалды. Денис болса өз тобында бар болғаны төртінші келді.

толық оқу»

АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ: ТУ ҰСТАП ШЫҒУ ҮЛКЕН АБЫРОЙ

Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шағатын спортшымыз ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді. — Абзал, Олимпиадаға дайындығыңыз туралы айтып берсеңіз… — Дайындығым өте жақсы. Ақпанның бірі күні Кореяға келдік. Содан бері соңғы жаттығуымызды пысықтадық. Осыған дейін Норвегия елінде жаттыққан болатынбыз. Міне, бір апта …

толық оқу»

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕРДІҢ МАҚСАТЫ ОЛИМПИАДАДА МЕДАЛЬ АЛУ

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 37 күн қалды. Ақ Олимпиаданы спортшыларымыз да тағатсыздана күтіп жүргені баршамызға белгілі. Осыған орай шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековке арнайы хабарласып, ол жаттықтыратын шәкірттерінің дайындығы туралы толығырақ ақпарат алудың сәті түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. — Мәдіғали  Әбдіғалиұлы, …

толық оқу»

ШЕТТЕ ЖҮРГЕНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ АРТА ТҮСЕДІ

Шетте, елге деген ерекше сағыныш құшағында жүргенде, Мемлекеттік рәміздерге құрметіміз одан сайын арта түседі. Бұл туралы Голландияда жаттығып жатқан шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрберген Жұмағазиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Оның айтуынша, қазіргі кезде қазақстандық шорт-трекшілер Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков және жас бапкер Азамат Сұлтанәлиевтің басшылығымен …

толық оқу»

ЖАС ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ЕУРОПАНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

  Литваның Электренай қаласында шорт-трек спортынан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды dodasport.kz сайты. Қазақстандық шорт-трекшілер Еуропа бәсекесінде қарсылас шақ келтірмеді. Спортшылар 500, 1000 және 1500 метрлерде үздіктерді анықтады. Кейін жалпы есептегі жеңімпаз анықталды. Қыздар арасында Тайшманова Әсел абсолютті чемпион атанды. Отандасымыз барлық қашықтықта да жеңіске жетті. Одан кейінгі …

толық оқу»

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

  26-28 наурыз аралығында Астана қаласында  шорт-трек спортынан Қазақстан Республикасы чемпионаты мәресіне жетті. Сайысқа Атырау, БҚО, Қостанай, Қостанай, Алматы, Қарағанды, ШҚО мен Астана қаласы қатысты. Көп сайыстың қортындысы бойынша ерлер арасында Атыраулық спортшы Еркебұлан Шамуханов 110 ұпаймен бірінші орын алды. Екінші орынды 89 ұпаймен Батыс Қазақстандық Нұртілек Қажығали, үшінші орынды …

толық оқу»

АНИТА НАГАЙ: ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСЫП, ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫМ

  Алдағы жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысып, ел намысын абыроймен қорғау — басты арманым. Бұл туралы шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Анита Нагай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Небәрі он сегіз жастағы Анита Нагай спорттық жолында қазірдің өзінде үлкен табыстарға қол жеткізіп келеді. …

толық оқу»

ШОРТ-ТРЕКШІ ҚЫЗДАР ЭСТАФЕТАДА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Қысқы Азиада ойындары аясында шорт-тректен эстафета жарыстарының финалы өтті. Ақтық сынға Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Қазақстан құрамалары қатысқан болатын. Оңтүстік Корея қыздары чемпион атанды. Қытайлықтар екінші, ал отандастарымыз болса үздік үштіктен көрінді. Қазақстан құрамасы: Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Мәдина Жанбосынова және Анита Нагай.

толық оқу»

ЕРКЕБҰЛАН ШАМУХАНОВ: ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫМЕН ФИНАЛДА ЖҮГІРУДІҢ ӨЗІ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК

  Саппоро қаласынада өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында шорт-трек бәсекелері басталды. Алғашқы сайыс күні спортшылар 1500 метр қашықтықта жарысты. Қазақстан құрамасынан Еркебұлан Шамуханов бесінші, Нұртілек Қажығали тоғызыншы және Қуандық Сүлейменов оныншы орынды иеленді. Финалға дейін жетіп, үздік бестіктің қатарынан көрінген Еркебұлан жарыс барысы туралы өз пікірін білдірді: «Финалға шыққанымның өзі …

толық оқу»