Басты бет / Кәсіпқой бокс / НҰРЗАТ САБЫРОВ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ҮШІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

НҰРЗАТ САБЫРОВ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ҮШІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық Нұрзат Сабыров (3-0-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңді.

Сабыровтың қарсыласы 26 жастағы мексикалық Марио Баэса болды. Кездесу екінші раундта аяқталды. Нұрзат қарсыласын нокаутқа түсірді.

Айта кетсек, бұл кештің басты жекпе-жегі жергілікті боксшылар Ив Юлисс (14-0, 9 КО) пен Стив Кладжеттің (25-4-1, 17 КО) кездесуі.

Осылайша, 23 жастағы Сабыров кәсіпқой деңгейдегі үш кездесуінде үшінші жеңісін нокаутпен аяқтап отыр.

Қазақстандық боксшының менеджері — Анна Рева, ол Канадада отандық боксшыларымыз Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың да мүддесін қорғайды.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

АЛМАТЫ ҚҰРАМАСЫ ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстанда IV-ші қысқы республикалық спартакиада аяқталды. Ол қарашаның 11-і мен желтоқсанның 28-і аралығында өткізілді, деп …