Басты бет / Әлем / МАКГРЕГОР ӨЗІНІҢ ТАБЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

МАКГРЕГОР ӨЗІНІҢ ТАБЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор тілшілердің саясаткер болуына байланысты сауалдарына жауап беріп, жекпе-жек өткізбей-ақ қанша табыс табатынын айтып берді. Бұл туралы Tofight.ru порталы хабарлап отыр.

«Саясаткерлердің көбісін жұртшылық ұната бермейді. Мен ондай жағдайда болғым келмейді. Қай жерде болсам да мен адамдарға көмектескім келеді. Мен өз-өзімен президентпін. Сондықтан маған саясатпен айлалысудың қажеті жоқ. Мен не айтып, не істесем де ол жан-жаққа тарап кетеді. Егер мен жақсы бір нәрсе істейтін болсам, ол барлық жерге тарайды. Жаман нәрсе істесем де дәл солай. Мен өзімнің күшім мен мүмкіндігімді жақсылық жасау үшін арнау керекпін.

Саясатқа ауысқандағы менің мақсатым не? Ол жақтан қанша пайда таба аламын? Саясаткердің табысы қанша? Шамамен 100 мың доллар шығар. Ал жекпе-жек өткізбей-ақ айына жарты миллион доллар табамын. Сол үшін мен қазіргі өміріме де ырзамын», — дейді МакГрегор.

Еске салайық, МакГрегор өзінің соңғы кездесуін бокс ережесі бойынша америкалық кіші Флойд Мейвезерге қарсы өткізді. Бұл бокс кешін 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтіп, кездесудің 10-раундында америкалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

«ТУР ДЕ СКИ» — ПОЛТОРАНИН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Швейцарияның  Ленцерхайде қаласында шаңғы спортынан атақты «Тур де Ски» көпкүндігі өтуде. 15 км-лік классикалық жарыста …