23 жастағы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Ресейлік Сергей Ковалев пен америкалық Андре Уорд жұдырықтасатын бокс кешін қазақстандық боксшының жекпе-жегі ашып береді.
Нұрсұлтановқа америкалық Генри Бекфорд қарсы тұрмақ, оның еншісінде төрт жеңіс пен бес жеңіліс бар.
Жекпе-жек орта салмақта өтеді. Қазақстандық боксшы қарсыласына қарағанда жеңілдеу болып шықты. Мейірім 159 фунт болса, Генри 160,5 фунт көрсетті.
Естеріңізге сала кетсек, Лас-Вегаста өтетін бокс кеші Астана уақытымен есептегенде 20 қарашада болады.