Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ КЕСТЕСІ

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Қазақ боксшыларының әлемдік аренада өтетін бокстағы келесі кездесулері:
Astana Arlans жартылай кәсіпқой бокс клубының келесі кездесулері:

15 шілде 2017 жыл. Қазақстан спорт сарайы, Астана, Қазақстан. Astana Arlans (Қазақстан) — Cuba Domaders (Куба), 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 келіде кездесулер өтеді.

Бұл кездесуді 15:25 — те «Хабар» арнасы тікелей эфирден жүргізеді.

29 маусым 2017 жыл. Korston Club, Мәскеу, Ресей. Фируза Шарипова (Қазақстан, 5-1-0, 3КО) — Бианка Пряшка (Ресей, дебют), 6 раундтық кездесу екінші жартылай жеңіл салмақта (58,9 келі — 130 фунт) өтеді.

30 маусым 2017 жыл. Werner-Seelenbinder спорт сарайы, Берлин, Германия. Виктор Коточигов (Қазақстан, 3-0-0, 2КО) — Милош Яньянин (Босния және Герцоговиния, 10-5-0, 9КО), 6 раундтық кездесу бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келі — 140 фунт) өтеді.

30 маусым 2017 жыл. Миннеаполис, Миннесота, АҚШ. Али Ахмедов (Қазақстан, 6-0-0, 4КО) — Кент Холланд (АҚШ, 4-0-1, 2 КО), 10 раундтық кездесу жартылай ауыр салмақта (79,3 келі — 175 фунт) өтеді. WBC NABF чемпиондық белдігі сарапқа салынады.

8 шілде 2017 жыл. Qin Shi Huang рестораны, Санкт-Петербург, Ресей. Ернар Ешенов (Қазақстан, 5-1-0, 4КО) — Андрей Томащук (Ресей, 1-6-0), 8 раундтық кездесу бірінші орта салмақта (69,9 келі — 154 фунт) өтеді.

8 шілде 2017 жыл. Валенсия, Испания. Ержан Залилов (Қазақстан, 7-0-1, 2КО) — TBA, 8 раундтық кездесу екінші жеңіл салмақта (55,2 келі — 122 фунт) өтеді.

15 шілде 2017 жыл. Форум, Инглвуд, Калифорния, АҚШ. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан, 2-0-0, 1КО) — TBA, 6 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.

21 шілде 2017 жыл. АҚШ. Жанқош Тұраров (Қазақстан, 21-0-0, 15КО) — Бруно Леонардо (Аргентина, 21-4-0, 18КО), 12 раундтық кездесу жартылай орта салмақта (66,6 келі — 147 фунт) өтеді.

25 тамыз — 3 қыркүйек, Гамбург, Германия. 19-шы Әлем Чемпионаты. Қазақстан Ұлттық құрамасы қатысады, 9 салмақта жолдама бар.
52 келі — Азамат Исақұлов;
56 келі — Қайрат Ералиев;
60 келі — Әділет Құрметов;
64 келі — Бекдәулет Ибрагимов;
69 келі — Абылайхан Жүсіпов;
75 келі — Әбілхан Аманқұл;
81 келі — Ерік Әлжанов;
91 келі — Василий Левит;
91 келіден жоғары — Қамшыбек Қоңкабаев.

9 қыркүйек 2017 жыл. «Сарыарқа» велотрегі, Астана, Қазақстан. Қанат Ислам (Қазақстан, 23-0-0, 19КО) — Джеймс Киркленд (АҚШ, 32-2-0, 28КО), 12 раундтық кездесу бірінші орта салмақта (69,9 келі — 154 фунт) өтуі мүмкін, келіссөздер жүргізілуде.

16 қыркүйек 2017 жыл. T-Mobile Arena, Лас-Вегас, Невада, АҚШ. Геннадий Головкин (Қазақстан, 37-0-0, 33КО) — Сауль Алварес (Мексика, 49-1-1, 34КО), 12 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.
IBF, IBO, WBA чемпиондық белбеуі қойылмақ.

Сондай-ақ

ЕЛДОС СМЕТОВ ЕУРОПА КУБОГЫНА ҚАТЫСАДЫ

Дзюдодан 14-16 шілде күндері Германияның Саарбрюккен қаласында Еуропа кубогы жарысы өтеді, деп хабарлайды Массагет.кз. Халықаралық …