Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫНШЫ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫНШЫ КҮНГІ НӘТИЖЕСІ

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін жарыстың алтыншы күні.

Әйелдер арасында 57 келі салмақта Лаура Райымқұл бақ сынады. Отандасымыз алғашқы кездесуінде Доминикандық Генесис Андуджармен жолығып, 10:12 есебімен ұтылып қалды. Өз кезегінде Доминикан таеквондошысы келесі кезеңде Германиялық спортшыға есе жіберді.

Ерлер арасында 63 келі салмақта Ислам Ынтымақтастық ойындарының күміс жүлдегері Әлімжан Серікбаев жарыс жолына шықты. Ол алғашқы айналымда Косово мемлекетінің таеквондошысы Бутринт Еджупиді жеңді. 1/32 кезеңде Кипрлық Лоаннис Пилабакисты 30:23 есебімен тізе бүктірді.

1/16 кезеңде Әлімжанның қарсыласы Оңтүстік Кореялық Парк Джи-Мин атанды. Өкінішке орай Корея елінің спортшысы  15:36 есебімен жеңіске жетті.

Ертең әлем чемпионатының соңғы күні. Жарыс жолына 62 келіде Гүлім Бибалаева мен 80 келіде Нұрлан Мырзабаев жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ

ЕЛДОС СМЕТОВ ЕУРОПА КУБОГЫНА ҚАТЫСАДЫ

Дзюдодан 14-16 шілде күндері Германияның Саарбрюккен қаласында Еуропа кубогы жарысы өтеді, деп хабарлайды Массагет.кз. Халықаралық …