Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегі өтті.
Жылдың ең үздік жекпе-жегі саналған кездесу өте тартысты өтті. Әлемнің ең үздік қос боксшысы отандасымыз Головкин мен Альварес жекпе-жекті толық 12 раунд өткізіп, нәтижесінде мексиканың тәуелсіздік күні төрешілер — 115-113, 115-113 114-114 есептерімен жеңісті мексикалық боксшыға берді.
Бұл Головкиннің мансабындағы алғашқы жеңілісі болды. Ал Канело, Генаның барлық белбеулерін тартып алды. Сондай-ақ, The Ring нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуінің және WBC президенті жасатқан арнайы белбеудің иегері атанды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт