Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДАҒЫ ТЕГІН МҰЗ АЙДЫНДАРЫ КҮНДЕЛІКТІ ТАЗАЛАНАДЫ

АЛМАТЫДАҒЫ ТЕГІН МҰЗ АЙДЫНДАРЫ КҮНДЕЛІКТІ ТАЗАЛАНАДЫ

 

Алматыда 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап тегін мұз айдындары жұмыс  іске қосылған болатын. Тәулік бойы  қызмет ететін  алаңдарда демалыс күндері 1000-ға жуық адам келіп, демалады, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл мұз алаңдары қала әкімдігінің қолдауымен ашылған болатын. Олар екі техникалық үзіліспен 24 сағат бойы жұмыс істейді. Қасында тез тамақтану және конькиді жалға беру орталықтары бар. Олардың жұмыс уақыты — 11:00-ден 22:00-ге дейін.

-Біз бұл мұз аландарын күніне екі уақыт тазалаймыз – таңертен және кешке. Барлығына бір техника жұмыс істейді. Күнделікті таңертен бір алаңнан бастап, кезек бойынша кешке дейін барлығын тазалап шығамыз, осылайша күнделікті жағдай қайталанып отырады.Әр сырғанақты тазалауға бір сағат уақыт кетеді. Кешке біздің қызметшілер қарларды қолмен шығарып, құбыршекпен су құйып шығады, ол, мұздың көлемін қалындатады, — деп «Аксай айс Арена» компаниясы директорының орынбасары Әнуар Өсеров мәлімдеді.

Сонымен қатар, Әнуар Өсеров коньки мен пингвиндердің бағасы жайлы айтып берді.

— Конькидің жалға беру бағасы бір сағатқа 600 тг, ал, пингвинніңбағасы — 1000 теңгені құрайды. Пингвин үшін ол өте жақсы баға, себебі ол өте қымбат зат болып саналады. Коньки бізде барлық орталықта 50-60-тан бар. Бұл бір сеансқа арналған сан, одан көп болатын болса мұз алаңында адам саны көбейіп, сырғанайтын орын болмай қалады, — деді ол.

Оның айтуынша, «Аксай айс Арена»компаниясы қала бойынша бес тәулік бойы жұмыс істейтін  мұз айдындарын салған, қалған Villa Boutiques & Restaurants маныңдағы және«Спартак» стадионындағы алаңдарды Mega Iceкомпаниясының қарамағында. Олардың жалға беру бағасы өзгеше.

Айта кетер жайт,  осы тегін мұз  айдындарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында, аптаның әр демалысында тегін коньки тебуге үйрету сабақтары өтуде.

Сондай-ақ

ҚОС ДЗЮДОШЫМЫЗ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Тунисте дзюдо күресінен әлемдік Гран При турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 4 қазақстандық дзюдошы ел …