Тунисте дзюдо күресінен әлемдік Гран При турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 4 қазақстандық дзюдошы ел намысын қорғап, оның екеуі жүлде тұғырынан көрінді.
60 келі салмақта Қырғызбаев Ғұсман қола жүлдегер атанды. Ол іріктеу кезеңінде Ресей мен Бельгия балуандарын ұтты. Жартылай финалда Франциялық Х. Уалайдқа есе жіберді. Қола үшін таласта Марокко спортшысын тізе бүктірді.
Осы салмақта сынға түскен тағы бір отандасымыз Жеңісбек Жақсыбек алғашқы кездесуінде жарыс қожайынына есе жіберді.
66 келіде Серікжанов Ерлан да қола медальға қол жеткізді. Іріктеу кезеңдерінде АҚШ, Испания және Чехия балуандарын ұтты. Жартылай финалда Жапониялық Фужисакаға жеңілді. Қола үшін болған белдесуде Ресейлік Исаев Исаны ұтты.
Осы салмақта Ғұмар Қырғызбаев екінші белдесуінде Египет спортшысына есе жіберді.