Финляндияның Саариселькя қаласында шаңғы спортынан Халықаралық турнир өтуде. Айтулы додада жастарымыз да жүлдеден тыс қалмады.
Бұдан бұрын ересектер арасындағы 10 км-лік классикалық әдіспен жүгіру сыңында отандасымыз Алексей Полторанин қола жүлдегер атанғанын жазғанбыз. Дәл осы бәсекелер арасында жастар да сынға түсті. Бұл сында жастарымыз бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Қыздар арасында Тюленева Валерия қола жүлдегер атанды.
1. Трофимова Александра (Ресей) 20.10.80
2. Миузаки Хикари (Жапония) +15.9
3. Тюленева Валерия (Қазақстан) +22.8
4. Собуе Рин (Жапония) +32.9
5. Тарассова Анжелика (Қазақстан) +50.5

Ұлдар арасында қос бірдей спортшымыз жүлде тұғырынан көрінді.
1. Федотов Игорь (Ресей) 30.29.9
2. Люфт Иван (Қазақстан) +25.6
3. Әсет Дүйсенов (Қазақстан) + 1.04.3
4. Можаровский Дмитрий (Ресей) +1.30.7

Жалпы қысқы спорт, соның ішінде шаңғыда бір қазақ баласы жоқ деп айтушылар өте көп. Бүгін Әсет Дүйсенов бұны жоққа шығарды. Әлем біріншілігінде топ жарып елімнің атын шағарғым келеді дейді. dodasport.kz сайтына берген сұқпатында биылғы жылы көптеген сайыстарға қатысатынын айтты. Оны өзінің туған анасы Қайниқамал Дүйсенова жаттықтырады.
— Мен жаттықтырушыма сенемін. Менің жеткен жетістігім, сәтсіздігім де жаттықтырушыммен тікелей байланысты. Сондықтан менің үлгі тұтар адамым анам. Жаттығу кезінде Полтораниннің жүгіру стильін, классикалық әдістегі ерекшеліктерін алуға тырысамыз. Мақсатым алда келе жатқан әлем чемпионатында топ жару, — дейді Әсет.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт