Басты бет / Бокс / «ЕЛ БАРДА ЕР ҚОР БОЛМАС, ЕР БАРДА ЕЛ ҚОР БОЛМАС»

«ЕЛ БАРДА ЕР ҚОР БОЛМАС, ЕР БАРДА ЕЛ ҚОР БОЛМАС»

«Ел барда ер қор қор болмас,

Ер барда ел қор болмас»

 

Бүгінде ел абыройын асқақтатып, байрағымызды көтеріп жүрген спортшыларымызға халық қолдауын көрсетуде. Кішкентай көңілдің өзі спортшыға үлкен қайрат беріп, демейтіні сөзсіз.

Мысалы, бұл Бекман Сойлыбаевтың туған жері Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының орталығында ілінген баннер.

Иә, «Болар елдің баласы бірін-бірі батырым» дейді. Әр ауылда Бекман сынды батыр жігіттер көп болсын! Айта кетейік, кеше ғана жарақатынан айыққан Бекман боксты  кеңінен насихаттау мақсатында елордалық Rocky boxing club ашық жаттығу шарасын ұйымдастырып, оған кәсіпқой және әуесқой бокс жұлдыздарын шақырған болатын.

Бекман мамыр айында Николоз Кокашвилиді жеңіп, EPBC WBC тұжырымының чемпиондық белбеуін жеңіп алған жекпе-жегінде қолын жарақаттап алған болатын. Содан бері біраз уақыт емделіп, енді оңала бастады. Бірақ қазір бәрі – ойдағыдай. Қарқынды түрде жаттығу жұмыстарын бастап та кеткен. Өзінің айтуынша, қараша айында қайтадан рингке шығып, WBC тұжырымының Еуразиялық және Тынық мұхиты жағалауы аймағы бойынша чемпиондық атағын қорғауға дайын болады екен.

Сондай-ақ

ОЛЬГА РЫПАКОВА АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІК АТЛЕТІ

  Азия жеңіл атлетика федерациясы 2015/2016  жылғы маусымдағы үздік нәтижелерді жариялады. Азия құрлығының таңдаулылары арасына …