Басты бет / Әлем / ӨКІНІШТІ, ҚАЗАҚСТАН ҚОЛА ҮШІН ОЙНАЙТЫН БОЛАДЫ

ӨКІНІШТІ, ҚАЗАҚСТАН ҚОЛА ҮШІН ОЙНАЙТЫН БОЛАДЫ

Футзалдан Словенияда өтіп жатырған Еуропа Чемпионатының екінші финалисті анықталды. Жартылай финалдық ойындарда Қазақстан және Испания футзал құрамалары кездесті. Сербияда өткен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының жұбы Словения төрінде қайта жолықты.

Тартысты өткен кездесу (5:5) есебімен аяқталды. 2016 жыл үшін есесін қайтара алмаған Қазақстан құрамасы пенальтиден Испания футзал құрамасына (1:3) есебімен есе жіберді. Қазақстан футзал құрамасы Еуропа чемпионатының қола медальі үшін ойнайтын болады.

Финалдық кезеңге жолдама алған Испания 10-ыншы ақпан күні Португалия футзал құрамасымен кездеседі. Ал, қола жүлде үшін таласатын Қазақстан және Россия фузал құрамалары да 10-ыншы ақпан күні бақтарын сынайды. Алға жігіттер, алға Қазақстан!

Картинки по запросу футзал казахстан

 

 

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ДЗЮДОДАН АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ

21-22 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақсан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған …