Басты бет / Бокс / Астана Арландары / БАҚТИЯР АРТАЕВ «ASTANA ARLANS» КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БАҚТИЯР АРТАЕВ «ASTANA ARLANS» КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Astana Arlans» бокс клубының директоры директоры болғаным рас. Бұйрық бүгін шықты», – деп растады боксшының өзі.

Айта кетейік, бұған дейін Бақтияр Артаев «Тарлан Батырлары» ЖШС-ін басқарып келген.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. Ол – Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 7 дүркін Қазақстан чемпионы. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай).

Сондай-ақ

ҰО КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ АЛМАТЫ СПОРТЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ҚР ҰОК өкілдері спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатовпен бірге жұмыстық сапармен Алматыға келді, деп ақпараттық …