Admin

НАДЕЖДА НОҒАЙ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

  Жапония астанасы Токио қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс жолына ең соңғы болып аса ауыр салмақтағы ауыр атлеттер шықты. Қыздар арасында сынға түскен Надежда Ноғай күміс жүлдегер атанды. Ол қос сайыс бойынша 251 келіні бағындырды (113+138). Бұл салмақта Тайланд елінің спортшысы жеңіске жетті. Естеріңізге …

толық оқу»

ЖЕРАР ГОУ ИЗРАИЛЬГЕ КЕТУІ МҮМКІН

«Қайрат» клубының шабуылшысы, биылғы маусымның үздік сұрмергені Жерар Гоу мансабын Израильде жалғастыруы мүмкін. Sport-express.ru порталының мәлімдеуінше «Маккаби» клубы шабуылшы үшін 4,5 миллион доллар ұсынып отыр. Естеріңізде болса, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде Жерар «Маккаби» қақпашысының саңылауын тапқан болатын. Осы уақытқа дейін Жерар «Қайрат» сапында 56 гол соққан.  

толық оқу»

АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ: ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕНІМЕ СЕНЕ АЛАР ЕМЕСПІН

  Бүгін Америка елінде Қазақстан спорты тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі орын алды. Шорт-трек спорты бойынша қазақ баласы әлем кубогының кезңінде чемпион атанды. Бүгінгі күннің қаһарманы Абзал Әжіғалиевтан dodasport.kz сайтының тілшісі сұқпат алған болатын. Ендеше әлем кубогының жеңімпазы не дейді? — Абзал жеңісің құтты болсын! Қандай әсер алдың? — Рахмет. Шынымды …

толық оқу»

СҰЛТАНМҰРАТ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

  Қазақстандық велошабандоз Сұлтанмұрат Миралиев биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесін еншіледі. Голландияның Апелдорн қаласында велотректен әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті. Отандасымыз Сұлтанмұрат бұл сында қола жүлдегер атанды. Жеңіске Ирландиялық Марк Доуни жетсе, екінші орынды Франциялық Морган Кнеиски иеленді. Онымен қоса Сұлтанмұрат әлем кубогының жалпы есебінде екінші орынға шықты. Омниум сайысы …

толық оқу»

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ҮШ ҚОЛА

  Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың үшінші күні Қазақстандық спортшылар үш қола медаль еншіледі. Бұл жолы Қазақстандық самбошыларға алтын медаль алудың реті келмеді. Әйелдер арасында Ділдәш Құрышбаева 68 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Ерлер арасында Ерасыл Қажыбаев аса ауыр салмақ дәрежесінде үштіктен көрінді. Ескери …

толық оқу»

ЖАС БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫН

  Қараша айының 17-26 аралығында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін додаға Қазақстан құрамасы келіп жетті. «Сибур» аренада өтетін жастар додасына Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысады. Одан бөлек он салмақ бойынша Әзірбайжан, Венгрия, Германия, Үндістан, Иран, Ресей, Румыния, Өзбекстан және Украина құрамалары спортшыларын әкелген. Бокстан ҚР жастар құрамасы …

толық оқу»

ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

  Жапония астанасы Токио қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Қазақстандық зілтеміршілер  Азия чемпионатының үшінші күнінде (18 және 23 жасқа дейін) жақсы нәтижеге қол жеткізді. 77 келі салмақта Михаил Макеев қос сайыс қорытындысы бойынша 321 келіні еңсеріп (143+178) алтын медаль еншіледі. Ал осы салмақта Аманжол Серікбол …

толық оқу»

ШОРТ-ТРЕКШІЛЕРІМІЗ ЭСТАФЕТАДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

  Американың Солт Лэйк Сити қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті. Қазақстандық шорт-трекшілер эстафетада қола жүлдегер атанды. Алғашқы кезеңде белгісіз себептерге байланысты жарыстан шеттетілген болатынбыз. Бұл жолы бәрі өз ретімен өтті. Бірінші іріктеу кезеңінде құрамамыз Канада, Италия және Болгария құрамаларымен сынға түсті. 6:47 нәтижесін көрсеткен жігіттеріміз қарсыластарын еш …

толық оқу»

КАРАТЭШІЛЕР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

  Ашихара каратэ спортынан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Румынияның Брашов қаласындағы сайыстар 10-10 қараша аралығында өтті. Бұл сында Қазақстан намысын Астана, Алматы және Ақтау қалаларынан алты спортшы қорғады. Жалпы чемпионатқа 27 мемлекеттен ең мықты спортшылар қатысты. Ашихара каратэ спорты бойынша алғашқы рет әлем чемпионатына қатысып отырған құрамамыз 2 алтын және 2 …

толық оқу»

ЖАС ДЗЮДОШЫЛАРЫМЫЗ СЛОВЕНИЯ ТУРНИРІНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ ДЕ ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

  Словенияның Градек қаласында Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Қазақстан құрамасы 15 медальмен 25 ел арасында 3 орынмен жарысты аяқтады. Екінші күннің нәтижесі мынадай: 1 орын — Нұрбек Қуанышұлы 1 орын — …

толық оқу»