Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (7-0, 6 КО) АҚШ-та кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізді.
Индианаполис қаласындағы «Tyndall Armory» спорт кешенінде өткен бокс кешінде, Бобыржан Момынов жергілікті 37 жастағы боксшы Брайн Тиммонске (6-9, 5 КО) қарсы орта салмақта сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жекке шықты. Кездесудің екінші раунды аяқталар тұста Бобыржан қарсыласын нокаутпен жеңді.
Бұл Бобыржан Момыновтың кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегіндегі сегізінші жеңісі, оның жетеуі уақытынан бұрын аяқталған.
Бобыржан келесі жекпе-жегін 15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласында «Tukeshov Boxing Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен өтетін бокс кешін өткізеді. Кештің басты жекпе-жегінде Бобыржан Момынов WBC ACBO Continental құрлық аралық белбеуіне таласады.
Сурет: «bobirzhan_mominov» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт