Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018. «В» ТОБЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018. «В» ТОБЫ

«В» тобы

«Иран»
Сердар Азмуннан көп үміт күтетін ирандықтар Ресейде өтетін әлем чемпионатынан үміт күтпесе де болады. Тобында азулы Испания мен Португалиядан басқа, команда ретінде мықты ұжым Марокко бар. Еуропада Иран туын көкке желбіретіп жүрген аты шулы футболшы жоқ. Тек, кәрі құрлықтың ортаң қол командаларында өнер көрсететін ортаң қол ойыншылары бар. Бұл басты фактор. Аса көп сөзді қажет етпей-ақ, менің ойымша Ирандықтар биылғы әлем чемпионатында өз тобына тек 4 орынды ғана иелене алады.

«Марокко»
1998 жылдан бері әлем чемпионатына қатыспаған Морокко құрама командасы биыл жақсы дайындықпен келді. Сапында былтырғы Франция чемпионы Набиль Дирар, Фейеенорд капитаны Карим Эль-Ахмади, Реал Мадрид негізгі құрамының есігін теуіп кірген Ашраф Хакими және Ювентус командасының қорғаушысы Мехди Бенатия бар ұжым, топтан шығу үшін 2 орынға Португалиямен таласа алатынына сенеміз. Амин Харид пен Софиан Буфаль Марокко құрама командасының шабуылына жауап береді. Яғни, тек қорғаныста емес, шабуылда да үйлесімді ойын өрнегін көрсе алатындығын дәлелдейді. Дайындықтың соңғы 2 ойынында жеңіске жеткен марокколықтар «В» тобында 3 орынды қанжығасына байлайтыны сөзсіз.

«Португалия»
Еуропа чемпиондарын әлем біріншілігінде қиындықтар күтіп тұр. Конфедерация кубогінде 3 орынды иеленген португалдықтар биылғы әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетуі тиіс. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде жақсы ойынымен көзге түскен Фернанду Сантуш жігіттерінің тізімі Еуропа чемпионатымен салыстырғанда үлкен өзгерістерге ұшырамады. Команданың басты жұлдызы бұл әрине Криштиану Роналду. Егер, Роналду әлем чемпионатында керемет дайындықпен келетін болса, онда біз Португалия құрама командасының біраз белесті еңсере алатынын білеміз. Өйткені, құрама ойыны тікелей осы аяқ допшыға байланысты. Криштиану бастаған жігіттер «В» тобының 2 орнының иегері атанатына күмәніміз жоқ.


«Испания»
Құрамы футбол таланттарына бай Испания биылғы ала доп аламанының басты 5 фаворитінің қатарына кіреді. Тика-таканы бойына сіңірген испандықтардың биылғы әлем біріншіліген үміттері бар. Бекер емес әрине. Құрамында тәжірбие мен жастық жалын тоғысқан Хуан Лапотеге бастаған аяқ допшылар топтан сүрінбей өтетіні сөзсіз. Ойыны мен футболшыларында мін жоқ испаниялықтардың кемшілігі бапкерлік тұстан табылды. Іріктеу кезеңінен қиналмай өтіп, керемет ойын стильін қалыптастырған Хуан Лапотеге кеше ғана орнын Фернандо Йерроға босатып берді. Бұған себеп, Хуан Лапотегенің Испания футбол федерациясына ешқандай ескертусіз «Реал Мадрид» тізгінін ұстауы. Бұл жаңалық команда атмосферасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Және бұл факт Испанияның әлем чемпионы болуы мүмкіндігін біраз төмендетеді. Бірақ, су жаңа бапкері бар Испания өз тобында алдыңғы орынмен шығатындығына ешқандай шүбә келтірмеймін.

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …