Әлем чемпионатының шымылдығын салтанатты ашу құрметі «Ресей мен Сауд Арабиясы» құрамаларына бұйырды. Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткен ойын өте тартысты түрде өтті. Матчқа жете тоқталмас бұрын, командалардың дайындығы жөнінде бірер сөз айта кетейін. Сауд Арабиясының бас бапкері Пицци өз командасының қарсыласқа қарағанда әлсіздеу екендігін әу бастан білген. Және сол бағытта көп жұмыстар атқарды. Бірақ, Ресейдің сұңғақ бойлы жігіттеріне Пиццидің құрған айласы орындалмады.
Футбол жанкүйерлері Ресейден мұндай жеңісті күтпеді десекте болады. Өйткені, әлем чемпионатына дайындық ойындарда бірде бір рет жеңіске жетпеген Ресей құрмасына сенгісі келмеді, сенуге мәжбүр болды. Әлем біріншілігіне дайындық матчтардың бәрінде өз стильін қалыптастырып, жақсы ойын өрнегін көрсете алмаған Станислав Черчесовтің сыннан сүрінетіне кейбір футбол аналитиктері кепілдікте берді. Өйткені, бастапқы кезеңде 3-4-3 схемасымен доп тепкен Черчесовтің әлем чемпионатына екі аптаға жуық уақыт қалған кезде 4-2-3-1 ауысуы осындай ойлардың туындауына алып келді. Бірақ, барлығы да басқа мәнерде аяқталды және бүгін біз соның куәсі болдық.
«Бүгінгі Ресей командасы қалай жеңіске жетті?» — дейтін сұраққа келетін болсақ, оған айқын себеп бар.
1.Ең бірінші көмектескен нәрсе әрине өз алаңында және Ресейдің өз жанкүйерлерінің көзінше өнер көрсетуінде. Өз отандастарыңның алдында өнер көрсетіп, қолдауын сезіну бұл да басты факторға жатады. Және мынандай қызық статистика бар екен. Әлем чемпионатының тарихында яғни, 1930 жылдан бастап әлем біріншілігін ұйымдастырушы елдер ашылу ойындарында жеңілмеген. Бүгін сол дәстүр жалғасты.
2.Черчесов арабтарға қолайлы тактиканы таңдады. Жүйіткіген жылдам арабтарға 3 қорғаушымен ойнау оларға қақпаңды өз қолыңмен ашып беру еді. Және Станислав Соломович бұны жақсы түсінді. Сол үшінде екі қапталы мықты 4 қорғаушы ойнайтын схеманы таңдады.Тейісінше бұл қорғанысты Сауд Арабия құрама команда ойыншылары бұзып жара алмады.
3.Ресей жігіттері қарсыластан басым жақтарын пайдалана алды. Атап айтсақ, Ресей құрама команда ойыншылары Сауд Арабия құрамасының ойыншыларынымен салыстырғанда бойлары сұңғақ болды. Бұл да Ресей жеңісінде басты рөл атқарған фактор болып есептелінеді. Өйткені, бірінші голды ресейліктер дәл осы баспен соқты. Гол авторы Газинский. Және 4-інші допты да Дзюба 2 қабаттан әкелді.
4.Сауд Арабия ойыншыларының қасиетті Рамазан айының оразасын ұстауында. Әрине, бұл басты себеп болмағанымен, кішкене болса да, әсерін тигізеді. Ораза ұстаған жанды тек ораза ұстаған жан түсінеді. Бойда күштің азайып, тамақтан тыйылып, құлшылықтың көбеюі де араб аяқ допшыларының жеңілісінің бір себебі.
5. Пицци Ресейліктерге қарсы дұрыс тактика қолдана алмады. Арабия бас бапкерінің ең үлкен қателігі өз жігіттерінің жылдамдығын қолдана алмағандығында. Ойыншыларының қарсыластан әлсіздігіне қарамастан допқа иелік етіп, бірінші номерде ойнағысы келді. Алайда, жылдам бірақ, доп ұстауда жәй арабтар Пиццидің ойлағанын іске асыра алмады. Керісінше, 2 номермен ойнап, жылдамдығын пайдаланып, қарымта шабуылмен ойнағанда мүмкін жетістікке жетер ме еді?