Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018. «С» ТОБЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018. «С» ТОБЫ

«С» тобы

«Австралия»

2014 жылғы әлем чемпионатының қатысушыларының бірі Австралия құрама командасы биылда Бразилиядағы сәтсіздікті қайталайтын секілді. Алдыңғы әлем біріншілігінде ешқандай ұпай жинай алмауы тек Австралиялықтардың әлсіздігінен деуіміз де қателік болады. Өйткені ол кезде тобында азулы Испания, Нидерланды мен Чили ұжымдары болды. Ал, биыл ше? Ресейде өтетін турнирден де Австралиядан таңғажайып нәтиже күтуіміз қате. Сапында Мэтью Лекки, Мэтью Райан, Аран Му секілді жақсы ойыншылары болса да, менің ойымша Австралия топтан 4 орынды алады.

Картинки по запросу сборная австралии по футболу

«Перу»

Әлем чемпионатының кезекті аутсайдері ретінде келген Перулықтардан бұл жолы фавориттерге қарсы тұрарлықтай ойын көрсетеді деп сенеміз. Құрамында биылғы маусымда жасындай жарқылдаған Фарфаннан басқа, команда басшылығында аргентиналық Рикардо Горека бапкерлік етеді. Соңғы ойындарда Хорватия мен Исландия құрамаларын жеңген перулықтар көңілге үміт ұялатады. Осындай Перу ұжымы С тобында 3 орынды иеленуі әбден мүмкін.

«Дания»

Турнирдегі ең қызықты командалардың бірі. Құрамыда жақсы, ойыншылары да осал емес. Сапында, биылғы маусымдағы Тотенхэмнің үздік ойыншысы Ериксен бар Дания жетістікке жетпеуі мүмкін емес. Кристенсен, Николай Йоргенсон, Систо, Каспер Шмейхель, Симоне Кьяер баршамызға таныс есімдер. Осы есімдер биылғы ала доп аламанында жасындай жарқылдап, Данияны плей-оффқа дейін жеткізер қабілеті бар. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде ойдағыдай аяқтады. Бұл командаға күдіктенуге ешқандай себеп жоқ. Данияны тобында 2 орынмен шығып, плей-оффқа жетуі керек.

Картинки по запросу сборная дании по футболу

«Франция»

Таныстыруды да талап етпейтін, құрамында талай тарландар мен таланттар бар аты шулы Франция футбол құрама командасы. Бапкерінің есімі де кәрі құрлықта қорқыныш ұялатып жүргендердің бірі. Чемпиондық атақты ақтық мәреде қонақжайлық көрсетіп, Португалияға сыйлаған Франциялықтар биылғы біріншіліктің басты фавориттерінің бірі. Дидье Дешамда кезекті мүмкіндігін қалт жібергісі келмейді. Әр позициясында мықтылармен қымталған Францияның басты мәселесі индивидуал ойыншылардың көптігі. Бірақ, бұның өзінің жақсы тұстары бар. Осындай керемет командалық атмосфера мен дұрыс дайындықпен келген Франция топтан сүрінбей 1 орынмен шығатыны белгілі.

Картинки по запросу сборная франции по футболу

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …