Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ КІМ АЯҚ БАСАДЫ?

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ КІМ АЯҚ БАСАДЫ?

«Бавария-Бешикташ»

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Монако», «РБ Лейпциг», «Порту» секілді азулы командалармен бір топта аутсайдер саналып, көпті таңқалдырған «Бешикташ» келесі кезеңге өту үшін бундесмашина «Бавариямен» ойнайтын болады. «Бешикташ» командасы шебер ойыншылармен толығып, керемет тактикалық ойын көрсетіп, ғажайып формада болса да «Баварияны» сұлатып түсіре алмайды. Тобынан «ПСЖ-дан» кейін, екінші болып шыққанына қарамастан «Бавария» әлі де Еуропаның ең мықты клубтарының бірі. Топтық кезеңде Анчелотти жеңіс тұғырына шығара алмаған «Баварияны», өз ісінің шебері Юп Хайнкес қолына алды. Жаңа бапкер келісімен, ойын стильі өзгеріп, «Бавария» біртіндеп, жеңіс жолына түсе бастады. Ал, қазір «Бундеслигада» екінші орында тұрған «Боруссиядан» 19 ұпай алда келе жатыр. Бабына келе алмаған Мюллердің де бабын тапты. Бір сөзбен айтқанда, байырғы «Бавария» қайта оралды. Бұл дегеніміз, келесі кезеңге «Бешикташ» 20%, ал «Бавария» 80% аяқ басып тұр дегенді білдіреді.

«Челси-Барселона» ойыны жайында бөлек пост болады. Күтіңіздер!!!

Картинки по запросу бавария бешикташ

 

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел біріншілігіне …