Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегінде өзінің қарсыласын анықтады.
Данияр Елеусіновке қарсылас болып америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) белгіленді. Кидд екі жеңісін техникалық нокаутпен, біреуін судьяның шешімімен жеңген. Ал төртінші айқасын тең аяқтаған.
Елеусінов — Кидд арасындағы айқас алты раундқа есептелген. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ, Нью-Йорк штаты) 28 сәуірде өтеді.
Еске сала кетейік, таяуда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Қазақстан Олимпиада-2016 чемпионы Данияр Елеусінов өз мансабы мен титул үшін айқасты дамытуды жоспарлауда екендігін айтқан болатын.