Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласындағы әлем кубогының кезеңінде тағы бір қола медаль иеленді.
Параллельді могулдың кіші финалында отандасымыз франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6). Ал жеңіс қайта жапониялық Икума Хорисимиге бұйырды. Ол финалда канадалық Майкл Кингсберриден айласын асырды — 21:14.
Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан жеңіліп қалды (16:19).
Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ширек финалда тағы жапониялық Хирако Томитакоға есе жіберіп қойды — 15:20.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы могул сайысында қола жүлдегер атанған болатын.