Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиевтің орнына Нұрлан Амақосов келді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Үш жылдан бері Ұлттық құраманы баптап келген Қайрат Сағадиев Гузель Манюрованың орнына келген болатын. Енді алдағы уақытта, Қазақстан құрамасын Нұрлан Аманқосов жаттықтыратын болады.
«Әйелдер құрамасымен және қазір Қазақстанды халықаралық деңгейде танытып жүрген спортшылармен 14 жылдан бері жұмыс істеймін. Мен мектеп қабырғасынан бері келе жатырмын. Сондықтан маған тағы да уақыт пен мүмкіндік беру керек еді. Себебі мен өз тәжірибемді әрі қарай – 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға дейін көрсетер едім», — деп келтіреді Қайрат Сағадиевтің сөзін Вaq.kz ақпарат агенттігі.