Бүгін Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан ерлер арасында 15 км-лік классикалық жарыс өтті. Отандасымыз Алексей Полторанин өзінің сүйікті қашықтығында үздік шықты.
Полторанин 15 км-ді 33:11 уақытымен аяқтады. Екінші орынды мәреге 9 секунд кешігіп жеткен Александр Большунов еншіледі. Финляндиялық Иво Нисканен болса үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, соңғы рет Полторанин қаңтар айында Словенияның Планице қаласында өткен кезеңде де чемпион атанған болатын.