Басты бет / Басқа түрлер / ВИКТОРИЯ ЗЯБКИНА ГРЕКИЯДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ВИКТОРИЯ ЗЯБКИНА ГРЕКИЯДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Еліміздегі ең үздік спринтерлердің бірі Виктория Зябкина халықаралық аренадағы жорығын әлі жалғастырып жатыр. Бұл жолы жерлесіміз Грекияда өткен сайысқа қатысты, — деп хабарлайды kazathletics.kz

Ежелгі Эллада елінде 200 метрге жүірген Зябкина екінші орын алды. Бұл жарыстың аты Chania Invitational деп аталады.

25 жастағы желаяқ биылғы жылы Altay athletics клубының мүшелігіне өткен болатын. Шығыс Қазақстан облысында құрылған кәсіби жеңіл атлетика клубы спортшыларды халықаралық жарыстарға қатыстыруды жалғастырып жатыр. Зябкина алдағы күндері тағы екі сайыста өнер көрсетеді:9 маусым күні – Kalamata Invitational; 13 маусымда – Filathei Gala Athens. Бұдан кейін қазақстандық спринтер Швейцарияға аттанады. 16 маусымда Берн қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады.

Виктория осының алдында Латвия астанасындағы Рига кубогында екі қашықтық бойынша бақ сынап, қос күміс жүлдеге ие болған. Алдымен 100 метрді 11,36 секундта жүгіріп өтсе, 200 метрді 23,37 секундта бағындырған. Грекиядағы Chania Invitational турнирінде 200 метрдегі нәтижесі 0,2 секундқа жақсартып, мәреге 23,35 секундта жетті.

Сондай-ақ

«ASTANA ARLANS» WSB-ДІҢ СЕГІЗІНШІ МАУСЫМЫНЫҢ ФИНАЛЫ ЖАҚЫНДА БОЛАТЫН ХАБАРЛАДЫ

«Astana Arlans» Instagram-дағы парақшасында, бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалы жақында болатынын жариялады. Бүкіләлемдік …