Басты бет / Бокс / ЖОМАРТ ЕРЖАН: ЖАНКҮЙЕРЛЕР АЛДЫНДА ҰЯТҚА ҚАЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК

ЖОМАРТ ЕРЖАН: ЖАНКҮЙЕРЛЕР АЛДЫНДА ҰЯТҚА ҚАЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 49 келіде сынға түсетін Жомарт Ержан Президент кубогіне сақадай сай. Бокс федерациясының ресми сайтына сұхбат берген ол дайындық жұмыстарының қалай жүріп жатқанын және кімдерді басты қарсылас санайтынын айтып берді.

«Бұл турнир басқа сайыстардан әлдеқайда ерекше. Өйткені, әрбір салмақта чемпиондық атақ үшін талас жүреді. Осы бәсеке арқылы алдағы ірі жарыстарда жолығуы мүмкін қарсыластарды да зерттеп алуға болады. Астанадағы бокс додасында біздің құрама өзінің әлемдегі мықтылар қатарында екенін дәлелдейді деп сенемін», — дейді Жомарт.

Жомарт Ержан 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Мырзағали Айтжановтың шәкірті Президент кубогінде де аянып қалмайтынын айтады.

«Мен бұл турнирді Жазғы Азия ойындарының алдындағы басты дайындық дер едім. Барлығы өзімізге байланысты. Жарыс өз жерімізде өтетіндіктен, жанкүйерлер алдында ұятқа қалмауымыз керек», — дейді боксшы.

Президентің кубогінің жыл сайын дәрежесі биіктеп келе жатқанын айтқан боксшы турнирдегі басты қарсыластары Айдын Шалқарбай мен Теміртас Жүсіпов екенін жеткізді.

Дереккөз: olympic.kz

Сондай-ақ

ӘЛИ АХМЕДОВ ГОЛЛИВУДТАҒЫ БОКС КЕШІНДЕГІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА САЛМАҚ ӨЛШЕУДЕН ӨТТІ

Жартылай ауыр салмақта қолғап түйістіретін Әли Ахмедов (11-0, 8КО), кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегі үшін …