Басты бет / Басқа түрлер / ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІ ВЕЛОШЕРУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ҚАРСЫ АЛАДЫ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІ ВЕЛОШЕРУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ҚАРСЫ АЛАДЫ

Тамыздың 12-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтеді, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.

Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары «Нұрлы Тау» БО алаңында сағат 08:30-да жиналып, велошеруді 09:00-де бастайтын болады. Сөреде әрбір қатысушыға сыйлықтар ойнатылатын арнайы нөмірлер беріледі.

Велошерудің бағыты Шығыс айналым жолы, Төле би, Достық, Шевченко, Мұқанов көшелерін қамтып, қазақ мемлекеттік циркінде аяқталады. Оның қашықтығы 13 км құрайды.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен  2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он үшіншісі болып саналады.

Сондай-ақ

КХЛ КЛУБЫ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

9-12 тамыз аралығында Астанадағы «Барыс-Арена»-да хоккейдан Қазақстан Президентінің Кубогы өтіп, Қазақстан ұлттық құрамасы және Континенттік …