Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ТІЗІМІ

ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ТІЗІМІ

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов Жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтетін Ойындарда ел намысын алты бойжеткеніміз қорғайды.

Азия ойындарына қатысатын әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы:

Валентина Исламова (50 келі)

Жұлдыз Ешімова (53 келі)

Эмма Тисина (57 келі)

Аяулым Қасымова (62 келі)

Жамила Бақбергенова (68 келі)

Эльмира Сыздықова (76 келі)

XVIII Жазғы Азия ойындары 18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін еркін және грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының тізімі жарияланған болатын.

Дереккөз: Confederation.kz

Сондай-ақ

МАРКИЗИО 25 ЖЫЛ ӨТКІЗГЕН «ЮВЕНТУСТАН» КЕТТІ

Жартылай қорғаушы Клаудио Маркизио «Ювентустан» кетті. Қос тарап келісімге келіп келісімшартты бұзуға шешім қабылдады. 32 …