Басты бет / Соңғы жаңалықтар / АННА ЯКОВЛЕВА: 2010 ЖЫЛҒЫ ГУАНЧЖОУДАҒЫ ТРИУМФТЫ ДЖАКАРТАДА ҚАЙТАЛАУҒА КҮШ САЛАМЫЗ

АННА ЯКОВЛЕВА: 2010 ЖЫЛҒЫ ГУАНЧЖОУДАҒЫ ТРИУМФТЫ ДЖАКАРТАДА ҚАЙТАЛАУҒА КҮШ САЛАМЫЗ

«Алматы» құрамасының мүшесі Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Анна Яковлева еліміздің негізгі командасының ойыншысы ретінде үлкен тәжірибеге ие. Қазіргі таңда  атақты   спортшысы Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетіп  қана қоймай, сонымен қатар команда жаттықтырушысы болып табылады және командамен бірлесіп, жылдың басты  додасы Индонезиядағы жазғы Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Аннаның айтуынша,  қыздар Азиаданың жүлделі орындары үшін күресетіндігін  тілге тиек етті, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.

— Біздің құрама Азия ойындарына дайын. Джакартадағы 8 жыл бұрынғы табысты қайталап көреміз, отандастарымызды  сары құрлық бәсекесінде жарқын ойынымен және алтын медальдарымен тағы да қуантамыз деген ойдамын. Оқу-жаттығу жиыныда  жаттықтырушыларымыз бізге  тактикалық және психологиялық  тұрғыдан  дайындық жүргізіп жатыр.

— Біздің команда үшін құрлықтық деңгейде қандай қарсыластар қиындықтар туғызуы мүмкін?

— Жапония мен Қытай командалары. Бұл елдерде регбидің дамуына үлкен көңіл бөлінеді және жақсы деңгейде қаржыландырылады.  Қос құраманың  жаттығуға  жоғары деңгейде өтеді. Олар көптеген халықаралық турнирлерге қатыса алады. Біз жапондықтармен бір топта ойнаймыз, оларды жеңуге бар күш-жігерімізді  саламыз. Сондай-ақ, Гонконг өкілдері жақсы нәтижелер көрсетіп жүр, олармен де қызықты кездесу болады деп ойлаймын.Азия ойындарындағы басты міндет – топта көш бастап, турнирдің келесі кезеңіне өту.

— Қазақстанның регбиден әйелдер құрамасы регби-7 Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында өнер көрсетуге жақын болды. 2020 жылғы додаға болжамдарыңыз қандай?

— Біз Токио Олимпиадасына қатысуға ниеттіміз.  Себебі ұзақ  үзілістен кейін құраманың бас бапкері  ретінде атақты  жаттықтырушы  Валерий Попов қайта оралды. 8 жыл бұрын Валерий Игоревичтің басшылығымен Азия ойындарының жеңімпаздары атандық.  Сондай-ақ көптеген беделді халықаралық турнирлерде жеңіске жеттік. Менің ойымша, Валерий Попов қыздарымызды маусымның  негізгі жарыстарына дайындап, жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады. Қазір командада үлгі тұтарлық тәжірибелі ойыншылармен қатар,  жас қыздар да жеткілікті.

— Анна, сіздің ойыңызша, қазақстандық регбидің дамуында оң динамика бар ма?

— Регби — күрделі спорт түрі. Шынымды айтсам, регбиде көптеген қиындықтар бар. Олардың бірі — жалпы халық арасында кеңінен насихатталмауы. Біз басқа спорт түрлерінен қыздарды тартуға тырысамыз. Жалпы ұлттық құраманың  басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысы, Жамбыл және Қостанай облыстарының өкілдері болып табылады. Мысалы, Азияның жетекші ойыншыларының бірі қостанайлық Людмила Короткихтің әлемнің ең үздік лигаларында ойнауға  мүмкіндігі  бар. Елімізде әйелдер регбиінің отаны деп Алматыны айтуға болады. Қаламызда ішкі чемпионат ойындары тұрақты өткізіліп тұрады, регбидің жемісті дамуы үшін қажетті жағдайлар жасалынған. «Алматы» клубы — 18 жыл бойы Қазақстан чемпионатының тұрақты көшбасшысы болып табылады. Бұл көрсеткіш қазақстандық регбидегі біздің мәртебемізді айқын сипаттайды. Алматы қаласының  Дене шынықтыру және спорт басқармасы бізге өте жақсы көмек көрсетеді. Басқарманың қолдауының арқасында біз үнемі ел ішінде және шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп тұрамыз, қыздарды республикалық турнирлерге ғана емес, шет елдердегі жарыстарға шығарып тұрамыз. Биыл біздің команда Рим мен Амстердамдағы екі ірі  еуропалық турнирге қатысты. Еліміздің намасын абыроймен қорғадық. Голландияда біз 27 команданың ішінен екінші орынды иелендік, ал Италияның астанасынан біз алтын медальдармен оралдық.  Егер біздің регби құлдырап жатқан болса,  онда мұндай беделді жарыстарда табысқа жетпес те едік. Осы спорт түріне Алматыда жақсы көңіл бөлінеді, менің ойымша, регбидің дамуына еліміздің барлық өңірлерінде  осындай жағдай жасалынса, онда спортшылардың жетістігі айтарлықтай болар ма  еді ?! Жақын арады тілегіміз орындалады деп сенімін…

Сондай-ақ

«ASTANA ARLANS» WSB-ДІҢ СЕГІЗІНШІ МАУСЫМЫНЫҢ ФИНАЛЫ ЖАҚЫНДА БОЛАТЫН ХАБАРЛАДЫ

«Astana Arlans» Instagram-дағы парақшасында, бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалы жақында болатынын жариялады. Бүкіләлемдік …

Добавить комментарий