Басты бет / Соңғы жаңалықтар / 31 ЖАСАР АЛМАТЫЛЫҚ ТРИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕҢ ЖЫЛДАМ УАҚЫТ КӨРСЕТТІ

31 ЖАСАР АЛМАТЫЛЫҚ ТРИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕҢ ЖЫЛДАМ УАҚЫТ КӨРСЕТТІ

Алматыда Сайран көлінде AGE group бойынша әуесқойлар арасында триатлоннан ел чемпионаты аяқталды, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс стандарттық «олимпиадалық» қашықтықта әр түрлі жастағы 170-тен астам ерлер мен әйелдердің қатысуымен өткізілді. Олардың арасында өзге елдердің өкілдері де жарыс жолына шықты. Жүзу 1500 м, веложарыс 40 км, жүгіру 10 км.

Ауа райының ыстықтығына қарамастан көптеген қелушілер спортшыларға қолдау көрсетіп, демеу берді.  Оның нәтижесінде ең жақсы көрсеткішке 31-жасар кәсіпқой триатлоншы Аслан Абдрахманов ие болды. Ол 30-34 жас санатында бақ сынасты. Жалпы уақыты 2 сағат 11 минут 54 секунд.

— Мен 13 жасымнан спорттамын. Қазір жастарды триатлон спортынан дайындап жүрмін. Нәтиже жаман емес. Бүгін өз шәкірттеріме қолдау көрсетіп, қатысып көрейін деп шештім. Барлығы да оңай болмады. Жеңуге тырыстым. Жарыстың деңгейіне жақсы баға беремін, маған бәрі ұнады. Ұйымдастырушыларға рахмет, — деді Аслан.

Сонымен қатар, ол ерлер арасында «абсолюттық» санатта жеңімпаз атанды, ал қыздар арасында қырғызстандық Юлия Фернас чемпион болды.

Назарларыңызға әр жас санатындағы жеңімпаздарды ұсынамыз. Олар сыйлықтар, медалдар және дипломдарға ие болды.

Ерлер:

(18-24 жас) – Владимир Толикин – 2:19:51

(25-29 жас) – Айдар Маликов – 2:12:24

(30-34 жас) – Аслан Абдрахманов – 2:11:54

(35-39 жас) – Михаил Кувшинников – 2:13:06

(40-44 жас) – Сергей Бодров – 2:29:08

(45-49 жас) – Вадим Шулинов – 2:33:12

(50-54 жас) – Талғат Жұмағалиев – 2:36:14

(55-59 жас) – Бақытжан Бектенов – 2:53:34

Әйелдер:

(25-29 жас) – Марина Елисеева – 2:55:19

(30-34 жас) – Юлия Фернас – 2:28:49

(35-39 жас) – Дина Шаймерденова – 2:39:33

(45-49 жас) – Киюнг Суук – 2:52:25

Командналық эстафета:

AlmatyBroTeam – 2:07:15

Сондай-ақ

«ASTANA ARLANS» WSB-ДІҢ СЕГІЗІНШІ МАУСЫМЫНЫҢ ФИНАЛЫ ЖАҚЫНДА БОЛАТЫН ХАБАРЛАДЫ

«Astana Arlans» Instagram-дағы парақшасында, бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалы жақында болатынын жариялады. Бүкіләлемдік …