Басты бет / Бокс / САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВТЫҢ «TOP RANK»-ТЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВТЫҢ «TOP RANK»-ТЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бірінші жартылай салмақта қолғап түйістіретін қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО), атақты Боб Арумның «Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясындағы алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласының есімі белгілі болды.

Отандасымыз 25-ші тамызда АҚШ-та «Top Rank» промоутерлік компаниясы өткізетін бокс кешінде шаршы алаңға көтеріледі. Бокс кеші Глендейл (Аризона штаты, АҚШ) қаласында орналасқан «Gila River Arena» аренасында өтеді, және де ESPN телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сағадаттың қарсыласы 22 жастағы америкалық боксшы Кристиан Агирре (7-2, 3 КО) атанбақ.

24 жастағы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін осы жылдың 16-шы ақпанында Рино (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткізіп, қарсыласы америкалық Ноэль Эскуэдоны (8-6-2, 6 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал 20-шы сәуірде Бёрбанк (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өткен екінші жекпе-жегінде, қарсыласы колумбиялық боксшы Джон Санчес Леонды (3-1-1, 2 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Сондай-ақ

«АСТАНА» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

«Астана» қатарынан үшінші рет Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнайтын болады. УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі …